Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағы (УЕФА) ресми сайтында Ұлттар лигасы жарысының күнтізбесін жариялады.
Қазақстан құрамасы топтағы алғашқы ойынын Грузияға қарсы ойынмен бастайды. Бұл құраманы жаттықтыратын бапкер Владимир Вайсстың есімі қазақ спортсүйер қауымына таныс-ақ. Бұл маман осыған дейін Алматының "Қайрат" клубын жаттықтырған болатын. Қос құрама арасындағы ойын 6 қыркүйек күні Қазақстанда өтеді.
Топтық кезеңдегі ойындар жыл соңына дейін аяқталады.
6 қыркүйек: Қазақстан - Грузия
10 қыркүйек: Андорра - Қазақстан
13 қазан: Латвия - Қазақстан
16 қазан: Қазақстан - Андорра
15 қараша: Қазақстан - Латвия
19 қараша: Грузия - Қазақстан
Айта кетейік, Ұлттар лигасы – Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағы (УЕФА) қолға алған жаңа футбол додасы. Халықаралық футбол күнтізбесіне сәйкес, әр екі жыл сайын өтетін болады. Жарыстың мақсаты – ұлттық құрамалар деңгейінде футболдың өркендеуі мен ресми ойындардың санын арттыру. Бұл жарысқа УЕФА құрамына кіретін 55 елдің футбол қауымдастығының құрамалары қатысады. Кеше Лозаннада жеребе тарту рәсімі өтті. Жарыс туралы толығырақ мына сілтемеге өтіп біле аласыздар.
"D" дивизионы төрт топтан,әр топ төрт командадан тұрады. Әр топтың жеңімпазы "С" дивизионына ауысады. Сонымен қатар "Еуро-2020" жолдамасы сарапқа салынатын іріктеу ойындарына қатысады.