Қазақстан құрамасы Түркиядан ұтылды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстан құрамасы Түркиядан ұтылды (видео)
Фото ©️ vk.com

Футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Алматыда Түркия құрамасына есе жіберіп алды. Топтағы соңғы мүмкіндігін жібермеуге тырысқан түріктер жеңіс голын ойынның аяқталуына 8 минут қалғанда соқты. 

БӨЛІСУ

Юрий Красножан жаттықтыратын отандық футболшылар бірінші таймда қарсыластарымен терезесі тең өнер көрсеткен. Десе де екінші тайм соңында есепті ұстап қалуға тырысқанмен Қазақстан құрамасының ойын жүйесінен нәтиже шықпады. 83 минутта Ардан Туранның асқан айламен жасаған соққысы өз нәтижесін берді. Қорытындысында түріктер Арданың арқасында Алматыдан 3 ұпай еншілеп қайтты. 

Кездесу статистикасы

Қазақстан — Түркия 0:1 (0:1)
Гол: 
Арда Туран 83 (0:1)
Ескерту: Шмидтгаль 77, Абдулин 88, Шомко 90
Қазақстан: Покатилов, Малый, Гурман (Тағыберген 78), Абдулин, Смақов (Бейсебеков 67), Логвиненко, Қонысбаев, Исламхан (Көкеев 85), Шмидтгаль, Шомко, Хижниченко
Түркия: Бабаджан, Кайя (Ташдемир 75), Балта, Азиз, Генюл, Туфан (Булут 64), Чалханоглу, Инан, Туран, Топал (Шен 46), Йылмаз
Бас төреші: Майкл Оливер (Англия)
12 маусым. Алматы. Орталық стадион. 

Допқа иелік ету: 44% — 56%
Соққылар: 4 — 19
Қақпаға дәл бағытталған: 1 — 6
Қиыс кетті: 3 — 11
Тосқауыл болды: 0 — 2
Қақпа бағанасы: 0 — 1
Сейвтер: 5 — 1
Тәртіп бұзу: 15 — 6
Офсайдтар: 6 — 1
Бұрыштама: 3 — 6
Сары қағаз: 3 — 0