Қазақстан құрамасы шахматтан сурдлимпиада ойындарынан алтынмен оралды

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Айбар Рысдәулет>
Қазақстан құрамасы шахматтан сурдлимпиада ойындарынан алтынмен оралды

Қазақстандық шахматшылар құрамасы 12-21 желтоқсан аралығында Италияда өткен XIX  Сурдлимпиадалық  ойындарында алтын медальды қанжығасына байлады. Он қызу кездесу нәтижесінде есту қабілеті нашар қазақстандық спортшылар 15 елден келген қатысушылар ішінде үздік атанды.

БӨЛІСУ

"Біздің шахматшылар Моңғолия, Хорватия, Болгария, Италия спортшыларын басып озды, Ресей, Польша, Германия, Өзбекстан және Беларусь құрамаларымен тең ойын көрсетті. Біздің құраманың атынан спортшыларымызға қолдау көрсеткені үшін Қазақстан шахмат федерациясына алғысымды білдіргім келеді" - деп қазақстандық есту қабілеті нашар жандар шахмат федерациясының президенті Максим Рожков атап өтті. 

Сурдлимпиадалық  чемпиондар құрамы: Самажан Кеттебеков, Виктор Максименко, Амангелді Наурызғалиев, Берік Нұрымов, Дмитрий Мочалский сынды спортшылардан тұрды. Команда капитаны - Максим Рожков. Бапкерлер құрамы: Сергей Ким, Елдос Күзербаев.

"Есту қабілеті нашар қазақстандық шахматшылар өздерінің талпыныстарымен, табандылықтарымен және керемет нәтижелерімен бізді әрқашан  қуантып келеді, - дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко, - біз екінші жыл қатарынан елімізде есту қабілеті нашар жандар  үшін халықаралық және республикалық турнирлер өткізіп келеміз. Біздің құраманың өз еліміздегі сайыстарда шыңдалып, Олимпиадада тамаша нәтиже көрсеткеніне өте қуаныштымыз". 

Есту қабілеті бұзылған спортшыларға арналған Сурдлимпиадалық ойындар шеңберіндегі Шахмат Олимпиадасы 12-21 желтоқсан аралығында Италияның Вальтеллина және Валкьявенна қалаларында өтті. Жарысқа шайбалы хоккей, шаңғы, сноуборд және басқа да қысқы спорт түрлерінен бақ сынаған 34 елден 506-дан астам спортшы қатысты.