Қазақстан құрамасы Ресеймен тең тарқасты (видео)

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстан құрамасы Ресеймен тең тарқасты (видео)

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей құрамасымен тең ойнады. Мәскеудегі «Арена Химки» стадионында өткен кездесуде 0:0 есебі тіркелді.

БӨЛІСУ

Екі құрама үшін де бұл ойынның тәжірибе жинақтау үшін маңызы жоғары болды. Алаң иелері жеті бірдей ойыншысын ұлттық құрама сапындағы бірінші ойынына шығарды. Юрий Красножан да Стас Покатилов пен Георгий Жуковқа бірінші ойындарына шығуға мүмкіндік берді. Ресей құрамасы негізгі құрамның ойыншыларын толық алаңға шығарған жоқ.

Бірінші таймда алаң иелері Қазақстан қақпасына айтарлықтай қауіп төндіре білді. Александр Самедовтың айып добынан бағыттаған соққысы қақпа бағанынан қайтты. Екінші таймда Қазақстан құрамасы барынша гол соғуға тырысып бақты. Мүмкіндіктер болғанмен, есеп ашудың сәті түспеді. Тоқтар Жаңғылышбай, Бауыржан Исламхан  мен Самат Смақовта ел құрамасына тарихи жеңіс сыйлайтын мүмкіндік болған. Бірақ, пайдалана алмады. Нәтижесінде қос құрама таблодағы есепке өзгеріс енгізбей, тең тарқасты.

Айта кетейік, 2008 жылы Қазақстан құрамасы Ресейден 6:0 есебімен ойсырай ұтылып қалған болатын. 

Сурет: vk.com