Қазақстан құрамасы өзбек көкпаршыларына бірде-бір салым салдырмады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстан құрамасы өзбек көкпаршыларына бірде-бір салым салдырмады
Фото ©️ Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы

Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына бақ сынауға келген көкпаршылар "Қазанат" ипподромында іріктеу жарыстарын бастады. Аламанды Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары бастады, – деп хабарлайды msports.kz.

БӨЛІСУ

Көшпенділер ойынында көкпардан алғашқы салымды Қазақстан құрама командасынан Құрманбек Тұрғанбек өз еншісіне жазды. Қарсыластарынан айқын басым болған отандастарымыз 16:0 есебімен жеңіп, өзбек көкпаршыларына бірде-бір салым салдырмады. 

"Қарсыласымызды өте жақсы білеміз. Өзбекстанға барғанда ойнағанбыз. Аттарымызды барынша дайындадық. Жеңіске жетуге барымызды салдық", – деді көкпардан ұлттық құрама спортшысы Құрманбек Тұрғанбек.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 9 құрама қатысуда. Айтап айтар болсақ, Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия құрамалары жүлдеге таласады.