Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиындарын бастады

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Нұржігіт Айдархан>
Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиындарын бастады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары аясында топтық кезеңдегі Латвия құрамасына қарсы жаттығу жұмыстарын бастады. Жаттығу жұмыстары 30 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтеді.

БӨЛІСУ

Астанадағы оқу-жаттығу жиынына бас бапкер Юрий Красножан 27 футболшыны шақырды. Оның ішінде жастар құрамасы сапында доп тебетін Бауыржан Исламхан мен Дмитрий Мирошниченко да бар.

ҚФФ Құрама командалар департаментінің директоры Владимир Нидергаустің айтуы бойынша футболшылар күніне екі рет оқу-жаттығу жиындарын өткізетін болады.

«Оқу-жаттығу жиындарына келген барлық футболшылардың денсаулығы жақсы, күш-қуаты бір қалыпты. Тізімде айтарлықтай өзгерістер жоқ. Тәжікстан құрамасымен өткен жолдастық кездесу алдында шақыртылған футболшылардың бәрі де осында. Тек қақпашы Владимир Логиновский ғана қатарға қосылды. Сондай-ақ, Польшаның "Корона" командасында өнер көрсететін Сергей Хижниченко да ойыншылардың қатарын толықтырады деп күтілуде», — дейді Владимир Нидергаус.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиындары аясында Қырғызстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Ойын қыркүйек айының 5-і күні Астанада өтеді. Басталуы - сағат 19:00.

Ұлттық құраманың Футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары аясындағы алғашқы ойыны латвиялық футболшыларға қарсы өтеді. Ойын 9-ншы қыркүйек күні сағат 22:00-де «Астана Арене» стадионында ойналады. 

Жерлестерімізге қарсы алаңға шығатын Латвия құрамасының толық тізімі жарияланған болатын. Марьян Пахарь жаттықтыратын құраманың тізіміне 22 футболшы енді. 

Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА-ның соңғы жаңартылған рейтингінде 131-ші орында болса, Латвия құрамасы 100-ші орында тұр.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет:kff.kz