Қазақ күресінен Таразда басталған «Еуразия барысы» ІІ халықаралық турнирдің бірінші белдесуінде Қазақстан құрамасы қытайлық қарсыластарын оңай жеңді.
БӨЛІСУ
62 келіде Абзал Арыстанбеков, 72 келіде Қайрат Ағыбаев, 81 келіде Дәулетхан Жақыпов және 94 келіде Мұхит Тұрсынов "аспан асты елінен" келген балуандарды бір минутқа жеткізбей жеңді. Ал 2013 жылғы "Қазақстан барысы" Айбек Нұғымаровтың қарсыласы Ериденг Баолига соңына дейін қарсыласты. Десе де тәжірбиелі отандасымыз өз есесін жіберген жоқ. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 5:0 есебімен жеңіске жетіп, Қытай құрамасын жарыс жолынан шығарды.
Сурет: massaget.kz