Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы «қара құрлықтың» тағы бір құрамасымен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін. Бұл жолы ҚФФ Кот-Д’Ивуар елінің футбол федерациясымен келіссөздер жүргізіп жатыр, -деп хабарлайды vesti.kz.
Қазақстан мен Кот-Д’Ивуар футбол федерациялары келісімге келетін болса бұл ойын 2015 жылдың тамыз айында Ақтөбеде өтуі мүмкін. Бірақ бұл ақпарат туралы ҚФФ ресми сайты нақты бір мәлімдеме жариялаған жоқ.
Айта кетейік, 12 мамыр күні Қазақстан құрамасы Алматының Орталық стадионында Фуркина-Фасо құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 0-0 есебімен тең түскен болатын. Енді Юрий Красножан баптайтын біздің құрама 12 маусым күні Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында Алматыда Түркия құрамасына қарсы кездесу өткізеді. Ал одан кейін араға 4 күн сала Кабо-Верде құрамасымен жолдастық кездесу өткізетін болады.
Ұқсас жазбалар
Қазақстан құрамасы Буркина-Фасомен тең тарқасты (видео)
Қазақстан – Буркина-Фасо ойынына жанкүйерлер неге аз жиналды?