Қазақстан құрамасы көкбөріден де финалға шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстан құрамасы көкбөріден де финалға шықты

Көкбөріден Қазақстан ұлттық құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына жолдама алды, - деп хабарлайды msports.kz

БӨЛІСУ

Жартылай финалда қазақ көкпаршылары Түркиядан келген команданы 15:1 есебімен ұтып шықты. Финалда Қазақстан Қырғызстанмен кездеседі. Ресей мен Түркия командалары үшінші орынға таласады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы көкпардан да финалға шыққан еді. Онда да қырғыздармен алтын жүлдені сарапқа салады. 

Бір-біріне ұқсас, қазандықтары мен ережелерінде ғана аз-кем айырмашылығы бар командалық екі спорт түрінен Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы текетірес қызықты болмақ. Көкпардың финалы ертең 11:30-да басталса, көкбөрі финалы 16:30-да болады.