Қазақстан құрамасы Кипрден ұтылды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстан құрамасы Кипрден ұтылды
Фото ©️ kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Кипрмен жолдастық кездесу өткізіп, 3:1 есебімен ұтылды. Ойын Кипрдің Ларнака қаласында өтті.

БӨЛІСУ

Ойынның бірінші таймында Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен алаң иелерін ұтып шықты. 29 минутта Ғафуржан Сүйімбаевтан пас алған Таңат Нөсербаев ойындағы есепті ашты. Оның өкшесімен тепкен добын Кипр құрамасының қақпашысы қайтара алмады. Алайда екінші таймда Қазақстан құрамасының қорғанысы көп қателіктерге бой алдырды.

56 минутта Несторас Митидис таразы басын теңестірсе, араға 6 минут сала Фанос Кателарис алаң иелерін алға шығарды. Ал 66 минутта Димитрис Христофи Қазақстан құрамасының қақпасына үшінші голды соқты. Одан кейінгі аралықта бұл есеп өзгермеді.

Айта кетейік, бұл жолдастық кездесу ресейлік жаттықтырушы Александр Бородюктің құрама тізгініндегі алғашқы ойыны. Қазақстан құрамасы 26 наурыз күні 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Армениямен ойнайды.

Кипр — Қазақстан 3:1 (1:0) 
Голдар:
 Нөсербаев 29 (0:1), Митидис 56 (1:1), Кателарис 62 (2:1), Христофи 67 (3:1)
Кипр: Панаги, Стилиану, Валентинос, Хараламбидес, Александру, Лабан, Артиматас, Митидис, Григорис, Макрис, Кателарис
Қазақстан: Покатилов, Малый, Қуат, Тұңғышбаев, Тағыберген, Исламхан, Нұрғалиев, Сүйімбаев, Нөсербаев, Шомко, Бейсебеков
Бас төреші: Роберт Харви (Ирландия)
22 наурыз. Ларнака. «Антонис Пападопулос».