Бұл күндері Иран елінің астанасы Тегеранда жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты өтуде. 5 алтын 2 күміс 1 қола медаль еншілеген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орында келеді.
Жарыстың бірінші күні Татьяна Нерознак пен Ирина Эктова жеңімпаз атанса, Надежда Дубовицкая қола алған-ды. Бүгін қоржынымыз 3 алтын 2 күміс медальмен толықты.
400 метрге жүгірген Светлана Голендова (Жамбыл облысы) мен Элина Михина (ШҚО) алтын мен күмісті өзара бөлісті. 24 жастағы Светлана мәреге 53.28 секундта жетті. Элина болса 53.49 секундпен күміс жүлдеге қол жеткізді. Қола жүлде Шри-Ланка спортшысына бұйырды.
60 метрге тосқауылдар арқылы жүгірген Әйгерім Шыназбекова қазақ қыздары арасынан алғаш болып, жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Әйгерім Тегеранда аталған қашықтықты 8.32 секундта жүгіріп өтті.
Үшінші алтынға сырықпен секіруші Анастасия Ермакова ие болды. 17 жастағы спортшы 3.70 метрге секіріп, үздік нәтиже көрсетті.
Екінші күміс медальды Виктория Зябкина еншіледі. Ол 60 метрге жүгіруде екінші келді.
Жарыс ертең аяқталады.