Қазақстан құрамасы хоккейден Азия чемпионатын сәтсіз бастады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстан құрамасы хоккейден Азия чемпионатын сәтсіз бастады
Фото ©️ olympic.kz

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы алғаш рет өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы ойынында жеңіліс тапты, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

Алматыда өткен ойында Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен кездесті. Ойында фаворит саналған отандастарымыз 4:1 есебімен қарсыластарына есе жіберді. 

Бұл турнир тарихта алғаш рет ұйымдастырылып жатыр. Алматыға Оңтүстік Корея, Жапония және Қытай құрамалары келген. Сары құрлықтың алғашқы жеңімпазы айналымдық жүйе бойынша анықталады.

Олег Болякин жаттықтыратын ұлттық құрама келесі ойынын 8 қараша күні Қытайға қарсы өткізеді.

📍Оңтүстік Корея - Қазақстан 4:1 (0:0, 2:1, 2:0)

🏒 1:0 - 20:56 - О Ингё
🏒 1:1 - 23:51 - Борисевич (Преснов)
🏒 1:2 - 34:46 - Чон Хохён
🏒 1:3 - 58:03 - Ким Чанву (Ким Сангук, Кан Юн Сок)
🏒 1:4 - 59:18 - Ким Сангук (Ким Чанву, Кан Юн Сок)

Қақпашылар: Ли Ён Сын -  Әмірбеков

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000-ға дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!