Тайландта грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия біріншілігі аяқталды, – деп хабарлайды ҚР ҰОК.
Аталған сында қазақстандық балуандар 2 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Юсуф Ашрапов (67 келі) пен Ерасыл Жеңіс (82 келі) алтын жүлдегер атанды. Арсен Жұма, Бағылан Қуанышев, Рахат Бержанов пен Джохар Узаровтың еншісінде күміс бар. Ал Айбек Айтбеков, Тайым Амангелді және Диас Сейітқалиевтер турнирдің қола жүлдегерлері атанды.
Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 185 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!