Қазақстан құрамасы футзалдан Испаниядан жеңілді

Серікбол Ерсін Корреспондент
Серікбол Ерсін>
Қазақстан құрамасы футзалдан Испаниядан жеңілді
Фото ©️ vk.com

Футзалдан Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалда Испания құрамасымен кездесіп, 3:5 есебімен жеңілді.

БӨЛІСУ

Ойынның бірінші кезеңінде Какау бастаған футболшылар уақыттың бірінші минуттарында белсенді қимылдап, Александр Довгань есепті бірінші болып ашуға мүмкіндік алды. Алайда араға 4 минут салып испан футболшылары уақыттың 12 минутында есепті теңестіріп үлгерді. Ал уақыттың 17 минутында Қазақстан қақпасына бағытталған Мигелинаның жойқын соққысы Шомроға ешқандай мүмкіндік бермеді. Кейін испандықтардың тарапынан болған тайм-ауттан соң Рауль Кампос испандықтардың есеп айырмасын бір голға ұлғайтып, өз командасына екінші кезеңге 1-3 айырмасымен үзіліске шығуға мұрша берді.

Екінші кезеңде қос құрама да ойынды аса байыппен бастады. Командалар біраз уақытқа дейін бір-бірлерінің осал тұстарын таба алмай доп алмасты. Бірақ бұл ретте испандық футболшы қазақстандық футболшының аяғындағы добын тартып алып, Қазақстанның бос тұрған қақпасына допты дәл бағыттап, есепті 1-4 жеткізді. Матчтың аяқталуына 4 минут қалғанда Лео есеп айырмасын 1 голға қысқартты. Бұл соққыға әбден абдырап қалған Испания құрамасы  1 минуттан кейін тағы бір гол жіберіп алды. Голды Серік Жаманқұлов салды. Әйткенмен, өкінішке орай,  Рауль Кампос испандықтарға ақырғы голды салып, жеңіс сыйлады.

 

Енді Қазақстан футбол құрамасы үшінші орын үшін таласта жарыс иелері Сербия құрамасымен жолығады.