Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) ресми сайтында жаңарған рейтингін жариялады. Қазақстан құрамасы екі саты жоғарылап, 135-орынға көтерілген.
2017 жылды Қазақстан 137-орынмен қорытындылаған болатын. Яғни желтоқсан айында жарияланған рейтингті осы межеде еді. Одан бергі аралықта құрама ешқандай ойын өткізген жоқ.
Жаңарған ФИФА рейтингінің алғашқы ондығында өзгерістер жоқ. Германия құрамасы көш басында болса, екінші орында Бразилия келеді. Үштікті Португалия құрамасы түйіндеп тұр.
1 (1). Германия - 1 602
2 (2). Бразилия - 1 483
3 (3). Португалия - 1 358
4 (4). Аргентина - 1 348
5 (5). Бельгия - 1 325
6 (6). Испания - 1 231
7 (7). Польша - 1 209
8 (8). Швейцария - 1 190
9 (9). Франция - 1 183
10 (10). Чили - 1 162
Жаңарған рейтингтегі ең төменгі нәтижені Суринам ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 32 саты төмендеп, 160-орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Кувейт құрамасы еншіледі. Олар 15 саты жоғарылап, 174-орынға табан тіреген.
Айта кетейік, ФИФА рейтингі 1993 жылдан бері түзіліп келеді. Сол арқылы ұлттық құрамалардың өсу деңгейін, көрсетіп келе жатқан нәтижелерін бағамдауға болады. Рейтинг тарихында көш тізгінін 7 ұлттық құрама ғана иеленген. Оның бесеуі Еуропадан болса, екеуі – Оңтүстік Америка құрлығынан. Олар: Германия, Италия, Франция, Испания, Нидерланды, Бразилия және Аргентина.
2006 жылы Германияда өткен әлем чемпионатынан кейін рейтинг ұпайын есептеу жүйесіне арнайы өзгертулер енгізілді.