Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бес саты жоғарылады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бес саты жоғарылады

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы ұлттық құрамалардың (ФИФА) сәуір айындағы жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстан құрамасы бес саты жоғарылап, 201 ұпаймен 133-ші орынға тұрақтады.

БӨЛІСУ

Жаңарған ФИФА рейтингінде Бельгия құрамасы үштікке енді. Осыған дейін бұл орынды иеленіп келген Колумбия бір саты төмен сырғыды. Бесінші орынға Бразилия көтерілсе, алтыншы орынға Нидерланды құрамасы түсті. Франция алғашқы ондықтан шығып қалса, Швейцария мен Испания ондыққа енді. Ал бірінші орында – Германия, екінші орында Аргентина келеді.

Ең төменгі нәтижені Жаңа Каледония құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден жиырма бес саты төмендеп, 146-шы орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Бутан құрамасы еншіледі. Олар қырық алты саты жоғарылап, 163-ші орынға табан тіреген. Сонымен қатар Никарагуа, Әзірбайжан және Виргин аралдары ұлттық құрамаларының жағдайы да жоғары көрсеткішке көтеріліп отыр.

Юрий Красножан жаттықтыратын Қазақстан ұлттық құрамасы өткен айда екі бірдей ойын өткізді. 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Исландиядан 0:3 есебімен ұтылса, Мәскеуде Ресей құрамасымен тең тарқасты. Бұл екі ойындағы нәтиже Қазақстан құрамасын 5 орын алға жылжуына септігін тигізді.

Ал Қазақстан құрамасының 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуінің топтық кезеңіндегі қарсыластар көрсеткіші төмендегідей:

6(5) Нидерланды

19. (16) Чехия

38. (35Исландия

52. (56Түркия

85. (95) Латвия

Алғашқы ондыққа енген ұлттық құрамалар тізімі:

1 (1). Германия - 1687 ұпай,

2 (2). Аргентина - 1490,

3 (4). Бельгия - 1457,

4 (3). Колумбия - 1412,

5 (6). Бразилия - 1354,

6 (5). Нидерланды - 1301,

7 (7). Португалия - 1221,

8 (9). Уругвай - 1176,

9 (12). Швейцария - 1135,

10 (11). Испания - 1132,

Жақша ішіндегі сан құрамалардың наурыз айындағы рейтингі

Cурет: kff.kz