Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының ширек финалына шықты

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Болат Қосмағамбет>
Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев бельгиялық Рубен Бемельмансты ұтып, Дэвис Кубогының бірінші раунды аясында өткен Қазақстан – Бельгия кездесуінде отандастырымызға жеңіс алып келді.

БӨЛІСУ

Шешуші мәнге ие болған ақырғы матчта 26 жасар Андрей Голубев үш сетті де (6:2, 6:3, 6:1) өз пайдасына шеше білді. Осылайша, теннистен Қазақстан – Бельгия құрама командалары арасындағы матчтың қорытынды есебі 3:2 болып тіркеліп, отандық команда жеңіске жетті. Бұл жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының ширек финалына жолдама алып отыр.  

Енді ширек финалдық кездесуде қазақстандық теннисшілер осыған дейін Сербиядан айласын асырған Швейцария ұжымымен кездеспек. Жартылай финал жолдамасын сарапқа салатын матчтар 4-6 сәуір аралығында өтеді деп жоспарланған.

Естеріңізге сала кетсек, жарыстың бірінші күнінде Қазақстан намысын қорғаған Михаил Кукушкин Рубен Бемельманстан басым түссе, Андрей Голубев аса тартысты өткен матчта Давид Гоффиннен айласын асырды. Келесі күні өткен жұптасып өнер көрсету матчында Михаил Кукушкин мен Евгений Королев бельгиялық Оливье Рохус пен Рубен Бемельманс жұбына жол беріп қойды. Ал бүгінгі күннің алғашқы матчында Кукушкин Гоффиннен ұтылып қалған болатын. Осылайша екі команданың қоржынында бірдей екі ұпайдан болған еді.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: sports.kz