Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Черногория құрамасынан 5:0 есебімен ұтылды.
Подгорицада өткен ойында Талғат Байсуфинов шәкірттері алаң иелеріне қарсылық таныта алмады. Бірінші таймда Жарко Томашевич командасын алға шығарды. Ал екінші таймда Никола Вукчевич, Стеван Йоветич, Фатос Бечирай мен Стефан Савич гол авторлары атанды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы топтағы бірінші ойында Польша құрамасымен тең ойнаған еді. Келесі ойынын 11 қазан күні Астанада Румыния құрамасына қарсы өткізеді.
Черногория — Қазақстан 5:0 (1:0)
Голдар: Томашевич 24 (1:0), Вукчевич 59 (2:0), Йоветич 64 (3:0), Бечирай 73 (4:0), Савич 78 (5:0)
Ескертулер: Бечирай 32 — Исламхан 32, Кислицын 37, Мухутдинов 89
Черногория: Божович, Вукчевич (Николич 68), Томашевич, Вешович, Йоветич, Бечирай (Райчевич 76), Савич, Кояшевич, Шчекич (Бакич 83), Симич, Марушич
Қазақстан: Покатилов, Малый, Кислицын, Қуат (Тағыберген 76), Мухутдинов, Исламхан (Мұжықов 63), Нұрғалиев, Шомко, Хижниченко (Муртазаев 85), Логвиненко, Бейсебеков
Бас төреші: Роберт Шергенхофер (Австрия)
8 қазан. Подгорица. «Градски».