Қазақстан құрамасы айдын иелерінен жеңілді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстан құрамасы айдын иелерінен жеңілді

Шайбалы хоккейден Беларусь астанасы Минскіде өтіп жатқан Әлем чемпонатында Қазақстан ұлттық құрамасы айдын иелерінен 4:1 есебімен жеңіліп қалды.

БӨЛІСУ

Екі құрама да алғашқы кездесулерінде жеңіліс тапқан болатын. Беларустар АҚШ хоккейшілеріне есе жіберсе, жерлестеріміз Германия құрамасынан буллит сериясында жеңілген-ді.

Ойынның төртінші минутында Қазақстан құрамасы сапынан Андрей Гаврилин есеп ашты. Алайда екінші және үшінші кезеңдерде айдын иелері жанкүйерлер қолдауымен желпініп, жеңіске жетудің жолын таба білді.

Әзірге Қазақстан құрамасы қоржынында Германиядан еншілеген бір ұпай бар. 13 мамыр күні Латвиямен кездесетін жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: alaman.kz