Қазақстан құрамасы Алматыда Норвегиямен тең ойнады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстан құрамасы Алматыда Норвегиямен тең ойнады
Фото ©️ instagram.com/kff_team

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда Норвегиямен тең ойнады. Ойында гол соғылмады - 0:0.

БӨЛІСУ

Ойынның бірінші таймында норвег футболшыларының ширақ шабуылынан Қазақстан қорғаушыларының қорғанысы мығым болды.

Екінші таймда Қазақстан құрамасының гол соғатын бірер мүмкіндігі болған. Бірде Максим Самородов, бірінде Рамазан Кәрімов шабуылды нәтижелі аяқтай алмады.

Нәтижесінде, құрамалар тең ойнап, бір-бір ұпайдан бөлісті.

Айта кетейік, "В" дивизионындағы 3-топта Қазақстан мен Норвегиядан бөлек Аустрия мен Словения құрамалары бар.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 9 қыркүйек күні Словенияға қарсы өткізеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!