Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда алғаш рет ұйымдастырылған Азия чемпионатында топ жарды, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
БӨЛІСУ
Олег Болякин жаттықтыратын ұлттық құрама соңғы матчта Жапонияны 5:1 есебімен жеңді. Сонымен қатар Оңтүстік Корея құрамасы Қытайдан 1:2 есебімен жеңіліс тапты.
Айналмалы жүйе бойынша өткен Азия чемпионатында Қазақстан мен Жапония құрамалары 6 ұпайдан жинады. Алайда біздің хоккейшілер жеке кездесуде жеңіске жеткендіктен, бірінші орынға ие болды.
Үшінші орынды Оңтүстік Корея құрамасы иеленді.