Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 10:0 есебімен жеңіске жетті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 10:0 есебімен жеңіске жетті
Фото ©️ instagram.com/kff_team_futsal

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында ірі есеп айырмасымен жеңіске жетті. Топтағы үшінші ойында отандастарымыз Жаңа Зеландия құрамасын 10:0 есебімен ойсырата ұтты, - деп хабарлайды msports.kz тілшісі. 

БӨЛІСУ

Ойынның бірінші таймында Қазақстан құрамасы жауапсыз 4 гол соқты. Ал екінші тайм бастала сала қарсыластар қақпасына қатарынан гол соғып, жанкүйерлерді қуантты. 

Матчта Альберт Кнауб 5 гол соғып, пента-трик жасады. Тағы бір тепкен добы Жаңа Зеландия ойыншысына тиіп, қақпа торында тулады. Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай бір-бір голдан соқса, Лео дубль жасады. 

Ойынды Қазақстан құрамасы бір кем ойыншымен аяқтады. Лео ереже бұзғаны үшін қызыл қағаз алды. Плей-оффтағы бірінші ойынға қатыспайды. 

7 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы D тобында екінші орын алды. Доп айырмасы бойынша алда болған Испания бірінші орынмен шықты. 

Плей-оффта Қазақстан құрамасы "Е" тобында бірінші орын алған құрамамен кездеседі. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!