Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде құлдырады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде құлдырады
Фото ©️ kff.kz

Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (FIFA) рейтингін жаңартты. Қазақстан ұлттық құрамасы 6 саты төмендеп, 109-орыннан көрінді. 

БӨЛІСУ

Ұлттық құрама маусым айында екі жолдастық кездесу өткізді. Алдымен Армениядан, кейіннен Әзербайжанға жол берді. Осылайша өткізген соңғы төрт ойында да жеңіліс тапты. 

Рейтинг көшін Аргентина құрамасы бастап тұр. Одан кейін Франция мен Бельгия құрамалары келеді. 

1 (1). Аргентина – 1860,14 ұпай;
2 (2). Франция – 1837,47;
3 (3). Бельгия - 1797,98;
4 (5). Бразилия – 1791,85;
5 (4). Англия - 1787,88;
6 (6). Португалия – 1747,04;
7 (7). Нидерланд – 1746,66;
8 (8). Испания – 1729,92;
9 (10). Хорватия – 1728,3;
10 (9). Италия – 1724,37;
...109 (103). Қазақстан - 1193,62.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!