Қазақстан жыл басынан бері ФИФА рейтингінде 16 орын жоғарылады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстан жыл басынан бері ФИФА рейтингінде 16 орын жоғарылады
Фото ©️ kff.kz

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) 2018 жылдың қорытынды рейтингін жариялады. Қазақстан құрамасы жыл басынан бері 16 орын жоғарылап, тізімде 119-орынға тұрақтады.

БӨЛІСУ

Рейтингті өткен жылғы нәтижемен салыстырар болсақ, биыл ұлттық құрама 18 орын жоғары өрлеген. Ең үздік нәтиже тамыз айына тиесілі. Бұл айда Қазақстан 116-орынға көтерілген.

ФИФА рейтингі 1993 жылдан бері түзіліп келеді. Сол арқылы ұлттық құрамалардың өсу деңгейін, көрсетіп келе жатқан нәтижелерін бағамдауға болады. Рейтинг тарихында көш тізгінін 8 ұлттық құрама ғана иеленген. Оның алтауы Еуропадан болса, екеуі – Оңтүстік Америка құрлығынан. Олар: Германия, Италия, Франция, Испания, Нидерланд, Бельгия, Бразилия және Аргентина.

2006 жылы Германияда өткен әлем чемпионатынан кейін рейтинг ұпайын есептеу жүйесіне арнайы өзгертулер енгізілді. Десе де бұл рейтингте Қазақстан ұлттық құрамасының аса жоғары орындарға шыға алмауының себебі де жоқ емес. Өйткені, географиялық сипаты бойынша алты құрлықтық футбол конфедерацияларының деңгейі тең дәрежеде емес. Мәселен, Қазақстан ұлттық құрамасы Азия футбол конфедерациясында өнер көрсетер болса, нәтижесі бұдан да жоғары болары даусыз.