Қазақстан жастары «Гранаткин турнирінде» Словакиямен тең түсті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстан жастары «Гранаткин турнирінде» Словакиямен тең түсті
Фото ©️ vesti.kz

Футболдан 18 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петербургте басталған дәстүрлі «Гранаткин турнирінің» топтық кезеңіндегі бірінші ойында словакиялық замандастарымен тең түсті.  Ойында есеп ашылмады.

БӨЛІСУ

«С» тобында бақ сынап жатқан отандастарымыз келесі ойынын 12 қаңтар күні Әзірбайжан жастарына қарсы өткізеді. Әзірбайжандар топтағы бірінші ойында Литва жастарын 2:1 есебімен ұтып, 3 ұпайға ие болды.

«Гранаткин турнирі» ФИФА-ның бірінші вице-президенті Валентин Гранаткиннің құрметіне 1981 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Жарысқа 16 команда қатысады. 

Словакия U18 - Қазақстан U18 - 0:0 (0:0)

Ескерту: Кусяпов 68

Словакия U18: Валах, Дуцар, Мрва (Вашко 46), Флак, Шпирияк, Бедяч, Римарэнко (Мадленяк 46), Слука, Филинский (Кудлишка 80), Шпирка (Вициан 80), Боженик (Кружлияк 80).

Қазақстан U18: Устименко, Аманжол, Қашкен, Кузнецов, Кусяпов, Жақсылық (Усачев 89), Кан (Тұрсынбай 89), Орал, Пайруз (Астанов 65), Сүйінов (Тұзақбаев 84), Сейдахмет (Скворцов 65, Құдайбердінов 89).

Төрешілер: Амелин, Кужелев, Никитин, Тихонов - (барлығы - Ресей).

9 қаңтар 2017 жыл, Санкт-Петербург, 300 жанкүйер.