Қазақстан жастары Финляндияға есе жіберді (видео)

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстан жастары Финляндияға есе жіберді (видео)
Фото ©️ vk.com

Футболдан 18 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы «Гранаткин Мемориалы» турнирінің екінші кездесуінде Финляндия бозбалаларымен ойнап, 1:0 есебімен жеңіліп қалды.

БӨЛІСУ

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан жарыстың бірінші ойынында жас футболшыларымыз Ресей жастарына ірі есеп айырмасымен жеңілген еді. Бүгін топтағы екінші ойында Финляндия (U-18) құрамасынан ұтылды. Қарсыластар сапынан 3 ұпайды еншілеуге сеп болған голды 16 минутта Нило Майнпа соқты.

Ойрат Садуов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы (U-18) келесі кездесуін Эстония жастарымен өткізеді. Ойын 8 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.