Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан «Достастық кубогының» екінші кездесуінде Литва жастарын жеңді.
Бірінші кездесуде Тәжікстаннан жеңілген Саулюс Ширмялис шәкірттері бұл ойында да жеңілсе, топтық кезеңнен шығу мүмкіндігін жоғалтқан болар еді. Бірақ, намысқа тырысқан отандастарымыз 3 ұпайды қоржынға салды. Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлаған голды «Ақтөбе» командасының жас шабуылшысы Абат Айымбетов соқты. Айта кетейік, бірінші ойында литвалықтар ОАР құрамасымен 1:1 есебімен тең ойнаған болатын. Бүгін «қара құрлықтан» келген жастар Тәжікстан құрамасын 3:1 есебімен жеңіп, топта көш бастады.
Қазақстан жастар құрамасы топтағы соңғы кездесуін 20 қаңтар күні ОАР құрамасына қарсы өткізеді. Ал Литва болса Тәжікстанмен кездеседі. Бірінші және екінші орындарға ие болған ұжым плей-офф кезеңіне өтетін болады.
Cурет:com-cup.com