Ресейдің Санкт-Петербор қаласында футболдан 18 жасқа дейінгі жастар арасында «Гранаткин мемориалы» турнирі мәресіне жетті. Сергей Тагиев жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы соңғы орынға тұрақтады.
Ел намысын қорғаған жас футболшыларымыз бес ойын өткізіп, барлығында да жеңіліс тапты. Соңғы кездесуін 17-18 орындар үшін Ресей-2 командасымен өткізді. Нәтижесінде өздерінен бір жас кіші жеткіншектерден де жеңіліс тапты. Есеп 2:4. Жерлестеріміз сапынан бір голды Фарук Мирсалимбаев соқса, бір голды қарсыластар өздері байқаусызда соғып алды.
Айта кетейік, «Гранаткин мемориалы» турниріне Қазақстан жастар құрамасы сапында 20 футболшы аттанды. Оның 11-і Бразилияның «Оле Бразил» футбол академиясында дайындығын шыңдап келген. Ал өзгелері «Қайрат», «Атырау», «Тараз», «Шахтер» және «Ертіс» командаларының түлектері.
Сурет: granatkin.com
Оқи отырыңыз:
Жас футболшыларымыздың нәтижесі жанкүйерлер көңілін жабырқатты