23-27 қазан күндері Словения астанасы Люблянада дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Аталған сында Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
15 салмақ дәрежесінде 20 қазақстандық жас дзюдошы сынға түседі. Қазақстан дзюдо федерациясы назарларыңызға әлем чемпионатына қатысатын балуандар тізімін ұсынып отыр.
Ерлер (бас бапкер: Нұрбол Сүлейменов)
55 келіге дейінгі с/д – Асылжан Сейдуәлі
60 келіге дейінгі с/д – Жақсылық Мұсырманов, Мейірлан Баймаханбетов
66 келіге дейінгі с/д – Дәурен Алданазаров
73 келіге дейінгі с/д – Қайрат Ағыбаев
81 келіге дейінгі с/д – Әзиз Қалқаманұлы
90 келіге дейінгі с/д – Самат Есен
100 келіге дейінгі с/д – Әділхан Қозыбаев, Айбек Серікбаев
100 келіден жоғары с/д – Дәурен Нұралинов
Қыздар (бас бапкер: Жанат Нұртазина)
44 келіге дейінгі с/д – Еңлік Сатыбалды
48 келіге дейінгі с/д – Айгүл Байкулева
52 келіге дейінгі с/д – Айкүнім Түйтекова, Әсел Қайсарова
57 келіге дейінгі с/д – Анна Старченко, Севара Нишанбаева
70 келіге дейінгі с/д – Зере Бектасқызы
78 келіге дейінгі с/д – Мархабат Ақылбаева
78 келіден жоғары с/д – Роза Доқтырбаева, Назира Ержанова
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: spbchampionat.ru