Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U-21) 2019 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Франция жастарына 4:1 есебімен жол берді.
Ойын басталысымен-ақ Қазақстан жастары сапынан Бекзат Шадыманов алаңнан қуылды. Шотландиялық төреші Дональд Робертсон пенальти белгіледі. 11 метрлік айып соққысынан Амин Ариттің тепкен добын Дмитрий Колбунцев қайтара білді. Нәтижесінде бірінші таймда есеп ашылмады.
Он ойыншымен жүріп Қазақстан жастар құрамасы ойында есеп ашты. 54 минутта Дидар Жалмұқан гол соқты. Дегенмен алаң иелері 71 минутта таразы басын теңестірді. Екінші таймда алаңға шыққан Мартин Террье үш гол соғып, жергілікті жанкүйерлерді қуантты.Тағы бір голды француздар сапында Жонатан Бамба соқты.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан жастар құрамасы топта Люксембургті 2:1 есебімен ұтса, Черногориямен 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын.
Қазақстан жастар құрамасы (U-21) топтағы келесі ойынын 6 қазан күні сырт алаңда Болгарияға қарсы өткізеді.
Франция (U-21) — Қазақстан (U-21) 4:1 (0:0)
Голдар: Жалмукан 54 (0:1), Террье 71 (1:1), Бамба 74 (2:1), Террье 83 (3:1), Террье 87 (4:1)
Пенальти орындай алмады: Арит 4 (қақпашы)
Ескертулер: Дьяхаби 89 — Федин 50, Перцух 68, Сұлтанов 77
Ойыннан қуылды: Шадыманов 3
Франция (U-21): Камара, Диалло, Дьяхаби (Террье 57), Коко (Ндомбеле 80), Тусар, Арит (Муссе 57), Бамба, Дьяхаби, Лукас, Павар, Нчам
Қазақстан (U-21): Колбунцов, Мажитов, Сламбеков, Әбікен, Шадыманов, Жалмұқан, Федин, Соколенко (Наджарян 81), Қалмұратов (Сұлтанов 8), Перцух, Зайнутдинов (Әлімбаев 68)
Бас төреші: Дональд Робертсон (Шотландия)
5 қыркүйек. Ле-Ман. «ММАрена».