Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U-21) Хельсинкиде Финляндия жастарынан ойсырай ұтылып қалды. Ойында алаң иелері 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Жақында ғана Қазақстан жастарының сапына Германиядан ойыншылар шақырту алған еді. Шақырту алған төрт ойыншының үшеуі ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойындарын өткізіп үлгерді. Андрей Старцев («Санкт-Паули») пен Иван Саханенко («Саарбрюкен») негізгі құрамда шықса, Роберт Бергер ойынды 72-минуттан бастады.
Саулюс Ширмялис жаттықтыратын отандастарымыз бірінші голды 27-ші минутта өз қақпасына өткізіп алды. Финляндия құрамасы сапынан Роберт Тэйлор есеп ашты. Екінші таймда алаң иелері сапынан Вахид Хамбо мен Фредрик Лассас бір-бір голдан еншілеріне жазды.
Қазақстан жастар құрамасы келесі кездесуін 30-наурыз күні Таллинде Эстония жастарына қарсы өткізеді.
Сурет: kff.kz
Оқи отырыңыз
Немістерден қандай жеңіс күтеміз?
Александр Меркель Қазақстан құрамасы сапында ойнайтын болды
Қазақстанның ФИФА рейтингіндегі көрсеткіші қашан түзеледі?
Ерлан Қожағапанов: Қазақстанда әрбір бала футболмен айналысуға мүмкіндік алса деп армандаймын