Қазақстан жастар құрамасы 2015 жылдың 23-31 наурыз аралығында Таллинде оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл туралы Қазақстан Футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, – деп жазады inform.kz.
Оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімі:
Қақпашылар: Станислав Павлов (Ақтөбе), Михаил Голубничий (Астана), Владимир Грошев (Қайрат);
Қорғаушылар: Григорий Сартаков (Ертіс), Рафкат Аслан (Тобыл), Тимур Рудосельский (Қайрат), Әнуар Агайсин (Тобыл), Данил Цой (Қайсар);
Жартылай қорғаушылар: Әлішер Сүлей (Ертіс), Мирас Төлиев (Оқжетпес), Еркебұлан Тұңғышбаев (Ордабасы), Ойбек Балтабаев (Қайрат), Ринат Хайруллин (Жетісу), Иван Антипов (Ақжайық), Алексей Маров (Атырау);
Шабуылшылар: Абат Әйімбетов (Ақтөбе), Рауан Сариев (Ордабасы), Алексей Родионов (Астана), Дидар Жалмұқан (Ақтөбе).
Еске сала кетейік, Саулюс Ширмялис шәкірттері наурыз айында екі жолдастық матч өткізеді. 25 наурызда Хельсинкиде Финляндия құрамасымен, 30 наурызда Таллинде Эстония құрамасымен кездеседі.
сурет: imenno.ru