Қазақстан жастар құрамасы Черногориямен тең түсті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстан жастар құрамасы Черногориямен тең түсті
Фото ©️ vesti.kz

Футболдан 2019 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан жастар құрамасы (21 жасқа дейінгі) Ақтөбеде Черногориямен тең ойнады.

БӨЛІСУ

Қобыланды батыр атындағы стадионда өткен ойында командалар 1:1 есебімен тең тарқасты. Қонақтар сапынан 68 минутта Филипп Кукуличич гол соғып, командасын алға шығарды. Ойын соңындағы қосымша уақытта Черногория жастары өз айып алаңдарында ереже бұзды. Бас төреші Александрос Аретопулос пенальти белгілеп, 11 метрлік айып соққысын Максим Федин сәтті орындады.

Қазақстан (U-21) — Черногория (U-21) 1:1 (0:0)
Голдар: Кукуличич 61 (0:1), Федин пенальтиден 90+4 (1:1)
Ескертулер: Зайнутдинов 12, Сламбеков 68, Федин 83, Абикен 86 — Шаркич О. 64, Шаркич М. 70, Перович 83
Қазақстан (U-21): Колбунцов, Мажитов, Сламбеков, Әбікен, Шадманов, Жалмұқан, Федин, Соколенко, Қалмұратов (Өміртаев 76), Перцух, Зайнутдинов (Сейдахмет 63)
Черногория U-21: Шаркич М., Рашо, Вукчевич, Лончар (Голубович 61), Роганович, Перович, Шаркич О., Кукуличич, Которац, Цамай, Аземович
Бас төреші: Александрос Аретопулос (Грекия)