Қазақстан жастар құрамасы Алматыда Шотландияны ұтты

Дина Ибраева Корреспондент
Дина Ибраева>
Қазақстан жастар құрамасы Алматыда Шотландияны ұтты
Фото ©️ Қазақстан футбол федерациясы

2025 жылы өтетін футболдан жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Шотландия құрамасы матч өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Кездесу Алматыда өтті. Бұл ойында Қазақстан құрамасы Шотландияны ұтты. 

Есепті 30-минутта Айбар Абдулла ашты. Бірінші тайм жалғыз голмен аяқталды. Екінші таймда Леннон Миллер гол соғып, есепті теңестірді. Кейін Дейн Маррей айып алаңында ереже бұзып, ойыннан қуылды.

Пенальти голын Әділбек Жұмаханов соқты. Ян Труфанов үшінші голдың авторы атанды. Алайда ойын аяқталмай тұрып қарсылас командадан Жереми Мюллен гол соғып, ойын 3:2 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды. 

Қазақстан іріктеу кезеңінде жалпы тоғыз ұпай еншілеп, В тобын бесінші орынмен аяқтады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!