Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Канадада өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жұбаныш ойында Данияны ұтты. Ванкуверде өткен кездесуде отандастарымыз 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Екі құрама үшін де бұл ойынның маңызы жоғары. Себебі жеңгені элиталық дивизионда қалса, жеңілгені бірінші дивизионға төмендейді.
Қазақстан жастары да, даттар да топтық кезеңде бірде-бір ұпай еншілеген жоқ. Доп айырмасы бойынша Скандинавия түбегі жастарының нәтижесі тіпті төмен болды. Канада, Ресей, Чехия және Швейцария құрамалары қақпасына бірде-бір шайба соға алған жоқ.
Данияға қарсы ойында Қазақстан құрамасы сапында Олег Бойко, Ернар Мұсабаев, Саян Данияр және Артур Гатиятов шайба соғып, мергендігімен көзге түсті. Шабуылшы Саян Данияр үздік ойыншы болып танылды.
Жұбаныш ойын бір құрама екі рет жеңіске жеткенше ойналады. Қазақстан мен Дания жастары арасындағы екінші кездесу 4 қаңтар күні өтеді. Астана уақытымен сағат 23:00-де басталатын кездесуді "QazSport" арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Қазақстан – Дания 4:3 (2:1, 1:0, 1:2)
01:36 – 1:0 – Бойко (Шинкарецкий, Буяльский)
09:00 – 1:1 – Рондбьерг (Шульц)
11:16 – 2:1 – Мұсабаев (Королёв, Дёмин)
33:00 – 3:1 – Данияр Сн. (Гатиятов, Данияр См.) ГБ
41:29 – 3:2 – Грюндвиг (Андерсен, Кубарс)
48:06 – 4:2 – Гатиятов
57:40 – 4:3 – Сетков (Рондбьерг)
Қақпашылар: Еремеев – Сёгаард