Қазақстан Футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков қызметінен кетеді. Бұл туралы ол бүгін елордада өткен брифингте мәлім етті.
БӨЛІСУ
Әділбек Жақсыбеков өз орнына Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің бұрынғы басшысы Ерлан Қожағапановты ұсынды.
"Мен өз басым Ерлан Қожағапановты ұсынамын. Оның ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, әрі спортты жақсы біледі, ол қазір бос, бар уақытын футболға бөле алады. Жаңа басшы бұл іске жаңашылдықпен келеді деп ойлаймын, - дейді Әділбек Жақсыбеков.
Бүгінде Астана қаласының әкімі қызметін атқаратын Әділбек Жақсыбеков бұл федерацияны 2007 жылдан бері басқарып келген еді.
Сурет: news.headline.kz