
Сенат бюджетті тиімді пайдалану үшін спорт туралы заңға түзетулер енгізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Не өзгереді?
Енді қаражатты бөлу кезінде ұлттық федерациялар басымдыққа ие болады, ал кәсіби клубтарды қаржыландыру балалар мен бұқаралық спорттың пайдасына қысқарады.
Бюджет қаражатын тиімді бөлу Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Паройындарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетіні айтылды.
Жергілікті билік спорт қызметтерінің бағасын реттей алады, ал спортшыларды даярлау жаңа стандарттар және спорттық медицинаны қолдау арқылы күшейтіледі.
Сондай-ақ, шетелдік спортшыларды бюджеттен қаржыландыруға тыйым салынады, ал мемлекеттік спорт ұйымдарының басшылары үнемі ауысып отырады.
Тоқаевтың тапсырмасы: бұған дейінгі жағдай
Еске салайық, бұған дейін бұл мәселені бірнеше рет депутаттар көтерді. Мәселен Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті өткізген отырыста депутат Қазыбек Иса футбол клубтарындағы легионерлер санын қысқарту керегін айтты. Депутат Нартай Аралбайұлы да осындай мәлімдеме жасады.
Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесуінде шетелдік спортшыларға азаматтық беріп, ел атынан додаға қосу тәжірибесін доғару керек екенін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!