Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) президенті Чинг-Куо Ву Қазақстандық бокс федерациясыны баспасөз қызметіне берген сұхбатында қазақстандық боксшылрдың Гамбургтегі әлем чемпионатында көрсеткен өнеріне бағасын берді.
Қазақстан жарысқа барлық салмақтағы боксшыларын аттандырған аздаған елдердің қатарында екенін айта кетейік.
"Екі ай бұрын ғана Бүкіләлемдің бокс сериясы WSB финалында болдым. Бұл жарыс Қазақстанның турнирлерді ең жоғары деңгейде өткізе алатынына тағы бір дәлел болды. Сіздің боксшыларыңыз жауынгер және өте шебер. Қазақстандықтар турнир медальдарына әбден қол жеткізе алады. Командаларыңыз мықты және он салмақ бойынша да бокшыларды аттандырыпсыздар", - дейді Ву.
Сонымен қатар, Чинг-Куо Ву Халықаралық олимпиада комитетінің әйелдер жұдырықтасатын салмақ дәрежелерінің санын арттыру туралы ұсыныс жасауы ерлердің салмақ дәрежелерінің санына еш әсер етпейтінін айтты. AIBA басшысы Қазақстандағы бокстың дамуына қатысты да өз ойын айта кетті.
"Қазақстан әлемдік бокста үнемі алдыңғы қатарда. Тимур Құлыбаев - қазақстандық спортқа жақcы басшы. Оның осы орынға келуімен бокстың дамуы арта түсті. Егер осы қалыптан таймасаңыздар үлкен жарыстарда жүлделі орындардан құр қалмайсыздар деген ойдамын", - деп аяқтады ол.
Дереккөз: vesti.kz