«Қазақстан барысында» Қостанай өңірін намысын кімдер қорғайды?

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Қазақстан барысында» Қостанай өңірін намысын кімдер қорғайды?
Фото ©️ sportinfo.kz

Қазақ күресінен Затобол қаласындағы «Астана» спорт кешенінде Қостанай облысындағы іріктеу жарыстарының III кезеңі аяқталып, «Қазақстан барысына» қатысатын балуандар белгілі болды.

БӨЛІСУ

Қостанайдағы жарыстың I-ІІ кезеңіне қатысқан 2 888 балуанның ішінен 20 балуан облыстық іріктеу жарыстарына жолдама алған болатын. Бүгін 20 балуан өзара белдесіп, «Қостанай қыраны» жүлдесі мен 2015 жылғы «Қазақстан барысының» жолдамасына таласты. Нәтижесінде қарсыластарының жауырынын жер иіскеткен Ерлан Омаров (90 келі) «Қостанай қыраны» атанып, 500 000 теңге сыйақыға ие болды. Ал «Қазақстан барысына» баратын екінші жүлдені Максим Гербер (100 келі) жеңіп алды. Оған 200 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Өткен жылғы «Қазақстан барысында» Қостанай өңірінің намысын Ғабит Балғынбаев пен Михаил Твердохлебов қорғаған болатын. Бірақ жүлделі орыннан көрінбеген еді.

Айта кетейік, «Қазақстан барысының» республикалық шешуші кезеңінде бақ сынайтын балуандар арасында 2015 жылдың 19-23 мамыр аралығында Алматы қаласында оқу-жаттығу жиыны өткізіледі. Жиын барысында балуандар тереңдетілген медициналық тексеруден және допингтік бақылаудан өтеді.

Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирі биыл шілде айының 5-інде Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өтетін болады. Алдағы уақытта өзге облыстардан да үздік шыққандар анықталады. 

Ұқсас жазба

2015 жылғы «Қазақстан барысы» қандай жүйеде өтеді?

Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан барысына» бесінші рет қатысады