"Қазақстан барысы" турнирін "Алдаспан" этно рок тобы ашып берді деп хабарлайды massaget.kz тілшісі. Электродомбырада ойнайтын топтың орындауындағы әнді ТМД және басқа да алыс-жақын шет мемлекеттерге тарайтын "Боец" телеарнасында көрсетілді.
"Алдаспан" тобы "Көроғлы", "Барыс" композицияларын орындады. Айта кетейік, Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде қазақша күрестен «Қазақстан Барысы 2014» турнирінің финалдық кезеңі басталды.
Айтулы додаға еліміздің 14 облысы мен 2 бас қаласынан аймақтық іріктеу жарыстарынан оза шыққан палуандар қатысуда. Олардың арасында 2012 жылғы «Қазақстан Барысы» атағын жеңіп алған Бейбіт Ыстыбаев пен өткен жылғы жеңімпаз Айбек Нұғымаров та бар.
Биылғы жарыста кімдер өнер көрсететі жөнінде мына жерден танысып, біле аласыздар.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: aldaspan.com