Қазақстан Азия ойындарындағы бесінші медалін қоржынға салды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстан Азия ойындарындағы бесінші медалін қоржынға салды
Фото ©️ zimbio.com

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VIII қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші медаль түсті. Трамплиннен секіру спорты бойынша Сергей Ткаченко қола жүлдегер атанды.

БӨЛІСУ

Қазақстандық спортшы 238.0 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді. Алтын медальды жапон спортшысы Юки Сато жеңіп алды. Ол 254.0 ұпай жинады. Күмісті де жапон спортшысы Юкен Ивасу (251.0) иеленді.

Бұл жарысқа Сергей Ткаченкодан өзге де қазақстандық спортшылар қатысқан болатын. Марат Жапаров 198,5 ұпаймен – жетінші, Сабыржан Муминов пен Константин Соколенко тиісінше тоғыз және оныншы орындарды өзара бөлісті.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын 2 күміс 2 қола медаль бар. Жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді.