Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VIII қысқы Азия ойындарында Қазақстан алғашқы алтынын алды. Ерлер арасында 15 шақырымға шаңғымен жүгіруде Ринат Мухин Азиада чемпионы атанды.
БӨЛІСУ
Қазақстандық шаңғышы аталған қашықтықты 41 минут 25.3 секундта бағындырды. Күміс және қола жүлделерді жапон спортшылары Наото Баба мен Акира Лентинг жеңіп алды.
Аталған сайыста сынға түскен басқа отандастарымыздан Сергей Черепанов -төртінші, Николай Чеботько - бесінші, ал Ердос Ахмадиев алтыншы орынға тұрақтады.