Аралас жекпе-жектен ересектер мен жастар арасында Бахрейн корольдігің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Талшын Жұматаева жеңістің ең биік тұғырынан көрінді.
20 жастағы спортшы 70.3 кило салмақтың финалында тағы бір қазақстандық Айжан Әбдіқадырдан басым түсті. Болашақ әлем чемпионы Талшын Жұматаева финалға дейін Үндістан мен Ұлыбритания спортшыларын айқын басымдықпен ұтты.
- Спортқа бала күнімнен бері қызығамын. Оқу бітіргеннен кейін де спортта қалсам деген ойым бар. Аралас жекпе-жекке деген қызығушылығым мықты қарсыластарға төтеп беріп, алға қарай жылжуыма мүмкіндік берді, - деп әсерімен бөлісті Талшын Жұматаева.
Естеріңізге сала кетейік, Талшын Жұматаева биыл мамыр айында Тайландтың Бангкок қаласында өткен Азия чемпионатында да қарсылас шақ келтірмей, топ жарған болатын.