Қазақ күресі мектеп бағдарламасына қосылуы мүмкін

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Айбар Рысдәулет>
Қазақ күресі мектеп бағдарламасына қосылуы мүмкін
Фото ©️ Tengrinews.kz

Қазақстан Қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Бақдаулет Сәбитов ұлттық спортымыздың мектеп бағдарламасына енгізу қажет екенін мәлімдеді.

БӨЛІСУ

Соңғы уақытта ата-аналар тарапынан қазақ күресіне деген қызығушылық артып келеді. Осыған байланысты федерация жаңа оқу жылынан бастап қазақ күресін мектептерде пән ретінде енгізуді жоспарлап отырған көрінеді. Алдымен Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысында пилоттық жоба ретінде іске асырылады. Бағдарламасы әзірленіп, мамандар даярлау барысы қолға алынған.

Жылдың соңына дейін Қазақ күресі академиясы толық жұмысына кірісіп, қазақ күресін 1-4 сыныптарға акробатика ретінде,  ал 5-11 сынып оқушылары арасында арнайы пән ретінде дайындайды. 

Бұған дейін тұңғыш "Қазақстан Барысы", жарыстың күміс және қола жүлдегері, қазір Халықаралық Qazaq kuresi федерациясының бас хатшы кеңесшісі қызметін атқарып отырған Ұлан Рысқұл қазақ күресі спорт мектеп бағдарламасына енгізу туралы бастаманы көтерген болатын.

"Қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу қажет, көптеген мектепаралық сайыстар, клубтарда чемпионаттар ұйымдастырған жөн. Бұл ұлттық спортымыздың дамуына ықпал етеді. Өйткені, қазақ күресі ұлтымыздың абыройы, халқымыздың қазынасы, біздің мақтан тұтар байлығымыз. Демек, біздің алдымыздағы мақсат – оны жоғалтып алмай, керісінше одан әрі дамыту. Бұл ретте, қазақ күресін дамытуды "Рухани жаңғыру" бағдарламасына қосса игі" - дейді Халықаралық Qazaq kuresi федерациясының бас хатшы кеңесшісі Ұлан Рысқұл.