Қазақ күресі Азия ойындарының бағдарламасына қосылды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақ күресі Азия ойындарының бағдарламасына қосылды

Қазақ күресі 2017 жылы Ашхабадта өтетін Азия ойындарының бағдарламасына қосылды. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті Серік Төкеев айтып берді.

БӨЛІСУ

- Біз ұзақ уақыт бойы "Бүкіләлемдік күрес одағы" федерациясымен келіссөздер жүргізіп, өткен аптада келісімге келдік. 19 қаңтар күні  олар федерациясының президенті Ненад Лалович Азия Олимпиада кеңесінің төрағасы Шейх Ахмед әл-Фахад әл-Ахмет әль Сабах  қазақ күресі 2017 жылы Түркіменстанда өтетін Азия ойындарының бағдарламасына енетініне байланысты келісімшартқа қол қойды. Алдағы Азия ойындарында балуандар қазақ күресінен үш салмақ бойынша - 70 келі, 90 келі және 90 келіден жоғары, яғни түйе балуандар арасындағы белдесулер өтетін болады, - деді Серік Төкеев. 

Айта кетейік, қазақ күресі спорты елімізде және әлемде соңғы 12 жылда қарқынды дамып келеді. Қазіргі уақытта әлемнің 40 елінде қазақ күресі спортының федерациялары ашылған. Бұл аралықта қазақ күресінен алты әлем чемпионаты, он бір Азия біріншілігі, үш әлем кубогы, үш Еуропа чемпионаты және бір рет Африка чемпионаты өтті. 

2015 жылдан бастап біздің төл спортымыз "Бүкіләлемдік күрес одағы" (United World Wrestling) федерациясына мүше болды.