Қазақ дзюдошылары Екатеринбургте өтетін "Grand Slam" турниріне қатысады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақ дзюдошылары Екатеринбургте өтетін "Grand Slam" турниріне қатысады
Фото ©️ olympic.kz

15-17 наурыз күндері Екатеринбургте (Ресей) дзюдодан әлемдік "Grand Slam" турнирі өтеді. Жарысқа 48 елден 403 дзюдошы қатысады.

БӨЛІСУ

Қатысатын құрамалар қатарында Қазақстан да бар. Еліміздің атынан 20 дзюдошы бақ сынайды. Олардың қатарында 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов те бар. Ол осы турнирде өткен жылы топ жарған болатын.

Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес "Grand Slam" турнирінің жеңімпазы атанған дзюдошыға әлем рейтингте 1000 ұпай, күміс жүлдегерге – 700, ал қола жүлдегерге 500 ұпайдан қосылады.

Ерлер:

Елдос Сметов (-60 кг)
Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)
Елдос Жұмақанов (-66 кг)
Есет Қуанов (-66 кг)
Мадияр Сембаев (-73 кг)
Бекәділ Шаймерденов (-73 кг)
Бекжан Абдуалиев (-81 кг)
Руслан Мусаев (-81 кг)
Ислам Бозбаев (-90 кг)
Виктор Демьяненко (-100 кг)
Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Әйелдер:

Ақмарал Науатбек (-48 кг)
Севара Нишанбаева (-57 кг)
Ақниет Тұрдан (-63 кг)
Иоланта Бердібекова (-63 кг)
Зере Бектасқызы (-70 кг)
Мөлдір Нарынова (-70 кг)
Зарина Райфова (-78 кг)
Камила Берліқаш (+78 кг)
Гүлжан Исанова (+78 кг)