Қазақ дзюдошылары Бакуде өтетін "Grand Slam" турниріне қатысады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақ дзюдошылары Бакуде өтетін "Grand Slam" турниріне қатысады
Фото ©️ fdk.kz

Дзюдодан Қазақстан құрамасы 10-12 мамыр күндері Әзірбайжанның Баку қаласында өтетін әлемдік "Grand Slam" кезеңіне қатысады.

БӨЛІСУ

Екі күнге созылатын турнирге 60 елден 519 дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Ұлттық құрама сапында 11 спортшы татамиге шығады.

Ерлер:

Бауыржан Нарбаев (-60 кг)
Мағжан Шамшадин (-60 кг)
Есет Қуанов (-66 кг)
Сұңғат Жұбатқан (-66 кг)
Жанболат Бағтбергенов (-73 кг)
Мадияр Сембаев (-73 кг)
Виктор Демьяненко (-100 кг)

Қыздар:

Анна Казюлина (-52 кг)
Ақниет Тұрдан (-63 кг)
Зере Бектасқызы (-70 кг)
Зарина Райфова (-78 кг)

Жуырда ғана дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысып қайтқан болатын. Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өткен сары құрлықтың басты додасында қазақ дзюдошылары 1 алтын 2 күміс 3 қола медаль еншілеген еді.