Қазақ боксындағы егіздер мен ағайындылар

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақ боксындағы егіздер мен ағайындылар
Фото ©️ әлеуметтік желі парақшаларынан

Өткенге көз салсақ, қазақ боксының тарихына енген егіз және ағайынды боксшылар жетерлік. Олардың көбі ірі жетістікке қол жеткізе білді. Демеу болды, қажет болса бір-біріне жолын да берді. Олардың қатарында Қанат және Мұрат Сихымбаев, Жанат және Азамат Жақиянов, Геннадий және Максим Головкин, Серік және Берік Елеуов, Данияр және Дәурен Елеусінов және т.б. бар.

БӨЛІСУ

Бүгінде Қазақстан құрамасында егіз және ағайындылар бар. Бүгін massaget.kz сайты осы боксшылар жайлы жазады.

🔖 Ағайынды Сабырхандар

Ағайындылар көпке танылып үлгерді. Махмұд әлем (2023) және Азия чемпионы (2024) атағына ие. Екеуінің де жұдырықтасу стилі ерекше.

Төрехан жастар арасында 4 дүркін Азия чемпионы және әлем чемпионы. Жуырда ғана ҚР чемпионы атанып, ересектер арасына қосылды.

🔖 Егіз Оралбайлар

Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері. Одан кейін мұрнына ота жасатып, бірнеше турнирге қатыспады. Жақында ғана құрамаға оралды.

Айбек болса екі дүркін Азия чемпионы және жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы. Сондай-ақ супер ауыр салмаққа ауысты. Ұлттық құрама капитаны болды.

🔖 Ағайынды Төлтаевтар

Саматәлі мен Санатәлі Төлтаевтар ұлттық құрамаға 2021 жылы қосылды. Одан бергі аралықта ірі жарыстарда ел намысын қорғады. Екеуі де Азия чемпионатының жүлдегері.

Кейіннен екеуі де кәсіпқой боксқа ауысты. Жуырда Санатәлі әуесқойға оралып, Қазақстан чемпионатында күміс алды.

🔖 Ағайынды Сапарбайлар

2024 жылғы Қазақстан чемпионатында ағайындылар аса ауыр салмақта жұдырықтасты. Екеуі де финалға шықты. Шешуші сәтте Данияр Сапарбай ағасы Нұрлан Сапарбайға жолын берді.