Бокстан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадсында жарысты аяқтады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алтынға соңғы үміт 80 келідегі Нұрбек Оралбай финалда украиналық Александр Хижнякқа есе жіберді.
Осылай, бокстан Қазақстан құрамасы Олимпиадны алтынсыз аяқтап отыр.
Еске салайық, ерлер арасында Қазақстан Олимпиадаға барлық салмақта боксшы апарды. Жүлдесіз қалғандар: Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұт Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асыланбек Шымбергенов (71 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Қамышбек Қонқабаев (92 келіден аса).
Бұрымдылардан Назым Кызайбай (55 кг) қола жүлде иеленді, ал Карина Ибрагимова (57 кг) мен Валентина Хальзова (75 кг) жүлдесіз қалды.
Осылайша, Қазақстаннан Парижге барған он боксшынң екеуі ғана жүлде жеңіп алды.