Қазақ боксшысы Тұраров WBA рейтингінде ТОП-15 қатарына кірді

Серікбол Ерсін Корреспондент
Серікбол Ерсін>
Қазақ боксшысы Тұраров WBA рейтингінде ТОП-15 қатарына кірді
Фото ©️ www.youtube.com

Қазақ боксшысы Жанқош Тұраров жартылай орта салмақта WBA рейтингінде ТОП-15 қатарына кірді. Жаңарған рейтингте ол 14-орында тұр. Осыған дейін Тұраров бірінші раундта бразилиялық Хоаким Карнейроны нокаутқа түсірген болатын.

БӨЛІСУ

Кездесу 30 қаңтарда өтті. Осылайша қазақстандық жартылай орта салмақта Ұлттық бокс ассоциациясы (NBA) тұжырымының белбеуін жеңіп алды. Тұраров кәсіпқой бокстағы 18 жекпе-жегінде 18-ші жеңісіне қол жеткізді. Оның 13-ін қазақстандық уақытынан бұрын аяқтады. 

Сонымен қатар жаңарған рейтингте тағы бір қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовтің бірінші ауыр салмақта көш бастап тұрғаны, Жанат Жақияновтың аса жеңіл салмақта көш бастап тұрғаны хабарланып отыр. Ал Қанат Ислам болса бірінші орта салмақта бесінші орыннан 7-орынға түсіп қалды.